3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
«Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен (4%) жеке меншік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады» — деді аудан әкімі. Электр энергиясымен қамтылған аудан  үшін Абай тұрғындарының рахметтері шексіз.
Спикердің сөзінше, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, 97%-ды құрап отыр. 2022 жылы 5,2 млрд.теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ауданда сапалы деңгейде сумен қамтылғаны үшін және электр жүйесін жүргізгені бойынша тексерістер жүріп өтті.Ең алдымен комуналды жүйесімен келісімшартқа отыру үшін кездесулер жүргізді.
Ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. Ал 2025 жылға дейін 59 пайыз орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
2021 жылға дейін Ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 (30) көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді.
Айта кетейік, 2022 жылы 56 шақырым жол пайдалануға берледі. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 млрд.теңге қаралған.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

smarttop

ЕМХАНА ТАҢДАУ – ХАЛЫҚ ЕРКІНДЕ

smarttop

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ: “ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП АЙМАҚТАР ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІ БАРЛЫҚ ӨҢІРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ”

smarttop

Пікір қалдыру