9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТЫМ АРТЫП КЕТКЕН

Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Қарағанды, Солтүстік қазақстан және Шығыс қазақстан облыстарында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тым артып кеткен. Оның еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары екенін айтты президент үкіметтің кеңейтілген отырысында. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас шығатынын ескерткен мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту мәселесін үкімет пен облыс әкімдерінің айрықша назарына алуын жүктеді. Бұл салада атқарылған жұмыстардың нәтижелілігінің қорытындысы жыл соңына шығарылатын болады.

Жұмыссыз жүрген жастар – халықтың ең әлжуаз, осал буыны, ол қоғам мен мемлекетке үлкен қауіп төндіруі бек мүмкін. Қоғамдық даму министрі дархан қалетаевтың айтуынша, жастардың жағдайы мен көңіл-күйіне еңбек нарығында жұмыс орындарының жетіспеушілігі әсер етеді. Жастар әрқашан дүниеге «кірпіш болып қалануға» ұмтылады, алайда кейде өмірден өз орнын таба алмай жатады. Осыдан келіп қоғамнан жырақтау, суицидке бейімділік секілді мәселелер туындайды. Республикалық «жастар» ғылыми-зерттеу орталығы әлеуметтік зерттеуінің нәтижесімен бөліскен еді. Аталмыш зерттеуге сүйенсек, орталықтың сауалнамасына жауап берген жастардың басым көпшілігі (61,1%) жұмысқа орналасуда кездесетін ең басты қиындық ретінде жұмыс тәжірибесінің жоқтығын атаған. Халық табысын арттыру бағдарламасы аясында ел жастарын жұмыспен қамту шаралары қолға алынған. Бүгін мемлекет басшысы аталмыш бағдарламаның тиімсіз жүзеге асырылып отырғанын сынға алып, мәселені түзеуді тапсырды.

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, ел болашағы – жастардың жағдайына көңіл бөлу азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына серпін береді. Президент бұл саладағы шешілмей отырған түйткілді мәселелерге сол себепті де барынша тоқталды бүгінгі отырыста. Жаңа, жасампаз қазақстанның бағдары әрқайсымыздың әлеуметтік-рухани тұрғыдан өсіп-жетілуімізді өзекті етеді.

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

Семсерлесуден жарыс

smarttop

ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру