17.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

ИНВЕСТ ШТАБТА 10 ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаланың инвестициялық штаб отырысы өткізілді. Қазіргі уақытта қала бойынша 524,7 миллиард теңгеге 143 жоба қаралып, сараптау жұмыстары жүргізілуде.Инвестициялық жоба — ол қаражатты іске асыру және оларды инвестициялық нысанға: ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, құрылыс-құрастыру, сынау, іске қосу-реттеу, қабылдау-тапсыру, ұйымдастырушылық-құқықтық, жарнамалық-рәсімдеушілік және ақпараттық жұмыстар мен қызметтер түрінде айналдыру, ойға алған әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында іс жүзіне асыру бойынша техникалық-экономикалық шешімдер мен үйымдастырушылық-қаржылық іс-әрекеттердің жиынтығы. Инвестициялық жобалардың жаһандық әлемдік, мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтық және муниципалдық сипаты болуы мүмкін. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атайтын болсақ, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған түркиялық инвесторлардың бастамасымен сусындар зауыты, инвестициялық көлемі 5 млрд теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау зауыты, темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілу сатысында. 🔷 Әсіресе, биыл ашылуы тиіс ішкі және сыртқы кәріз жүйелерін және ПВХ-дан жаңбыр суағарларын өндіру зауытының құрылысы 60 пайызға дайын. Автомобиль әйнегін шығару зауыты, керамикалық тақталар өндірісі, көпфункцияналды қойма кешені де қаланың экономикалық даму көрсеткішін ілгерілететін тетіктердің бірі. 🔷 Сондықтан Мұрат Дүйсенбекұлы инвесторларға мемлекет тарапынан қолдаулар кедергісіз көрсетілуі қажет екенін айтып, басқарма басшыларына жер және инфрақұрылымдық мәселелеріне қатысты тапсырмаларды жүктеді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАДА 24-ШІ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

smarttop

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА НЫСАНДАРҒА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛҒАН

smarttop

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАУ АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру