0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТЕКЕСУДА САПАЛЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Еңбекші ауданына қарасты Текесу елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінде ұзындығы 13,8 шақырымдық су құбырының бүгінде 12 шақырымы орнатылып қойды. Жалпы құрылыс жұмыстары биыл ғана басталған болатын. Ауыз су қазіргі елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі. Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатқаны да белгілі. Қарапайым халықтың су зар болып отырған билік тарапы да бұл мәселеге алаңдаулы. Сонымен бірге сөзбен емес іспен мәселені шешуге барынша атсалып жатыр.

Осы міндет бойынша төмендегідей көрсеткіштер іске асырылып жатыр:

  1. Қалалық желілердегі ақауды азайту
  2. Қалаларда су тоғандарына ағызу кезінде, нормативтік тазартылған ағынды сулардың үлесі,
  3. Қалалық жүйелердегі су ысырабының деңгейі,
  4. Суды есепке алу құрылғыларын орнату.

Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі. Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін бар күш жігер салу керек.  Ендігі кезекте тежелмей алдағы жылдары ауыз сумен облыс жұртшылығы 100 пайыз қамтылу керек деген маңызды меже мақсат етілді.  Қалада сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету  күн тәртібіндегі өткір мәселелердің бірі екені даусыз. Тіршілік нәрінсіз ілдәлдалап күн көріп  отырған  ауылдағы халықтың мұң-зары билік басындағылардың  да құлағына тиіп, осы бағытта оң шараларды жүзеге асыру үшін қазына қаражаты қарастырыла бастады. Халық  игілігіне жұмсалатын мемлекет қаражаты болғанымен оның да сұрауы бар. Сол  себепті қолдағы бар қаражатты  оңды-солды рәсуә етпей, оның тетіктері  жан-жақты ойластырылып отыр.

Қазір құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталды. Белгіленген жоспар бойынша жұмыс жыл соңына дейін толығымен аяқталып, нәтижесінде 200 тұрғын үй сапалы ауыз суды пайдаланады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылысы да аяқталмақ. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША АВТОБУС БАҒЫТЫ АРҒЫМАҚҚА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

smarttop

ЕҢ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ БІРІ- ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

smarttop

Мобильные группы Минтруда проводят разъяснение норм проекта Соцкодекса в регионах РК

smarttop

Пікір қалдыру