Шымкенттегі Сәуле шағын ауданы, 276-орам тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталып, жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген тұрғындар мәселесі шешімін тапты. Енді олар 1 кВт электр энергиясы үшін бұрынғыдай 28 тг емес, 16 тг төлейтін болады. Қазіргі таңда қаланың да, ауылдың да тыныс-тіршілігін электр энергиясынсыз көзге елестету еш мүмкін емес. Өйткені, күнделікті қолданыстағы тұрмыстық құрал-жабдықтардың өзі түгелдей дерлік ток көзіне тәуелді. Технологияның барынша дамыған заманында, электр энергиясының адамзат баласының өмірдегі басты қажеттілігіне айналғаны ақиқат. Үйіңізде бір күн жарық жанбаса-ақ берекеңіз кетеді емес пе?! Электр энергиясының тұрмыста атқармайтын қызметі жоқ десек, артық айтпағанымыз. Сондықтан да, халық үшін ауадай қажет электр энергиясы саласында еңбек етіп жүрген жігерлі жандардың еңбектері қашанда жоғары бағаланады.Тиісінше, дәл осы есептегіштер сізді коммуналдық қызметтерды асыра төлеуден сақтайды, себебі есептегіш бойынша сіз су мен газдың тек нақты шығындалған кубтары үшін төлейтін боласыз. Бұнда есепке алу аспаптарынсыз тұтынушылар үшін тарифтер керісінше сіздің тұтынған қорларыңыздың нақты көлемінен асуы немесе көрсеткіштер өте аз болуы мүмкін, ол болашақта келеңсіздіктерге әкеледі.
Мұнда 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туды.
Осындай ізгі іске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері куә болды. Ал, халық жүрекжарды лебіздерін жолдап, алғыс айтты.
Жалпы 276-орамды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды. Өткен жылы ауыз су құбырларын тарту аяқталған. Ал биыл табиғи газ жеткізуде 28 шақырымдық құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі