Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін
ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, жұжық, консерв өнімдерін өндіретін кәсіпорындар жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасы аясында ағымдағы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын іске қосылды. Қазіргі таңда, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 8 кәсіпорынға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын қуаттылығы артып келеді. Шымкент еліміздің үшінші мегаорталығы ретінде халық санының демографиялық өсуі жағынан, инвестициялық динамикалық көрсеткіштері жағынан да белсенді дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейіп, құрылыс, түсті металлургия, фармакология, кондитерлік салаларда кәсіпорындар саны артып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қарқын алды. Сонымен Шымкент қаласында соңғы 3 жылда іске қосылған ірі жобалар тізімі: 2020 жылғы отандық өнімдер: 1. «Sin Yuan Steel» металлургиялық зауыты салынды. Жоба құны 18 млрд. теңге. Жылдық қуаттылығы 500 мың тонна металл өңдеу. Жоба аясында 150 жұмыс орны құрылды. 2. «NURTAU distribution company» — кондитерлік фабрика құрылысы жүргізілді. Жоба құны 1,4 млрд. теңге. Жылына 6 мың тонна кондитерлік бұйымдар өндіреді. Жоба аясында 60 жұмыс орны ашылды. 3. «Авелар Солар Технолоджи» — 20 мВт күн электр станциясының құрылысы бой көтерді. Жоба құны 6 млрд. теңге. 4. «Рахат-Шымкент» кондитерлік қантты печенье өндірісі ашылды. Жоба құны 3,2 млрд. теңге. Жылына 3 мың тонна тәтті өнім өндіреді. Жоба аясында 34 жұмыс орны құрылды. 5. «Shymkent Smelting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — қара қорғасынды қайта өңдеу жобасы. Жоба құны 3 млрд. теңге. Жоба аясында 100 жұмыс орны құрылды. 2021 жыл: 1. «Шымкент химиялық компаниясы» І кезеңде метил-трет бутил эфирі мен полипропилен өндірісін қолға алды. Жоба құны 13 млрд. теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 54 мың тонна. Жоба аясында 130 жұмыс орны құрылды. 2. «Алан и компания» ЖШС — жеміс және көкөністі қайта өңдеу жобасы. Жоба құны 1,5 млрд. теңге. 2022 жыл: 3. «QazAlPack» ЖШС — алюминий банка өндірісі.
Жергілікті өндіріс орындарының арасында экспорт бағытында ірі жобаларын ұсынып отырған Базарқақпа елді мекенінде орналасқан сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын «BIO Food kz» ЖШС. 2022 жылы негізі қаланып, бүгінде кеңейіп жатқан зауытта 20-дан астам адам тұрақты жұмысшы істейді. Мұнда күніне 25 тоннадан астам сүт қайта өңделіп, қатты ірімшік және сары май өнімі өндірілуде. Өндірілген өнімдер бүгінде қала аумағында және еліміздің өзге де өңірлерінде сатылуда. Алдағы уақытта тауарларды Өзбекстан мен Араб Әмірліктеріне экспорттау жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі