16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

САПАЛЫ СУМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТЫЛАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

Шымкент қаласындағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынуда. Бұл туралы бүгін Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков мәлімдеді.

Ауыз судың сапасын қадағалап адам организміне зиянын болдырмау мақсатында Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы нормативтік құжаттарды басшылыққа алып, жұмыс жасауда. Ауданымызды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету қызметін «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі атқарады. Кәсіпорын өз алдына бөлек ведомстволық зертханамен жабдықталғандықтан халық тұтынып отырған ауыз судың сапасына күнделікті қадағалау жүргізіп отырады. Сонымен қатар басқармамен аудандағы ауыз судың сапасына мониторинг жүргізіліп, зертеуге ауыз су сынамалары алынып, тексеріліп отырады.
Ауданымыздағы орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне 2022 жылдың көктемгі күшейтілген хлормен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ал күзгі күшейтілген хлормен жуу залалсыздандыру жұмыстары қыркүйек ацына жоспарланған. Басқарма тарапынан аудан  тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне, ауыз су арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізуі жалғасын таба береді.

— Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданының жаңақұрылыс аумақтары және Нұртас су жинақтағыш имараты,-деді ол.

Айта кетейік, Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сонда шымкенттіктердің 99% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БІР АЙЛЫҚ ЖАҢБЫР БІР КҮНДЕ ЖАУДЫ

smarttop

ЖОЛ МЕН ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру