20.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 60 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ

Шымкенттегі елді мекендерді кәріз жүйесіне қосу үшін құрылыс жұмыстары жалғасын табуда.

Кәріз — жер асты суларын бір орынға жинап, оларды шаруашылықта пайдалану мақсатында жер бетіне шығару үшін жасалған, көлбеуге дерлік бағытта жер асты суларының ағысы бойынша орналасқан жер асты галереясы немесе жерді құрғату аймағындағы топырақтағы артық суды жинап, құбыр немесе канал арқылы баска жаққа бұрып әкетуін жүзеге асыратын құрғату төсілі.Ешқандай тұрғын үй жылу, су және кәріз жүйесімен жабдықтаусыз болуы мүмкін емес. Қажет болған жағдайда, басқа шаруашылық-тұрмыстық жүйелерді қоспағанда, ғимарат қалалық коммуникациялардан алыс орналасқан жағдайда да, тұрғындар өздеріне жайлы жағдай жасауға тырысады. Септиктерден  лас су сарқыны уақтылы сорып шығарылмаған жағдайда, септиктің толып кетуінен сарқынды сулардың төгілуі орын алады. Бұл топырақтың ластануына, жағымсыз иістің шығуына, жерге сіңіп, бактериялық ластануларға алып келуі мүмкін. Мұндай жағдай көршілердің шағымдануына әкеліп соқтырады, бұдан бөлек қаламыздың эстетикалық келбетін бұзады.

Қазіргі таңда шаһардың 54% кәріз жүйесімен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 60-ға жеткізу жоспарланған.
Осыған байланысты ағымдағы жылы 20 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған.

БАҚ өкілдеріне өткізген брифингте Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков осылай деді.

Оның мәліметінше, жыл соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.

“Осы арқылы 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Достық КНС (қайта құру), 74 га құрайтын Бозарық шағын ауданының магистралдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады,”-деді басқарма басшысы.

Жалпы Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75%-ға артатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ АРАЛАДЫ

smarttop

№26 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСТАР ЖАҢАЛАНДЫ

smarttop

ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАР СҰРАНЫСҚА ИЕ?

smarttop

Пікір қалдыру