29.3 C
Шымкент
Пятница, 6 июня, 2025
Smarttop.kz

ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасына өтінімдер қабылдау 2022 жылдың 28 шілде күні сағат 09.00 ден 29 шілде сағат 19.00 аралығында жүргізіледі. Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 211 пәтер Тұран шағын ауданында орналасқан.

Қатысушыларға қойылатын басты талаптарды еске саламыз. Жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс, бағдарламаға қатысуға өтінім берушінің соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі керек, сонымен қатар ай сайынғы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.

Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

✅​өтініш берушінің білімі туралы құжаттың көшірмесі;
✅жұмыс орнынан анықтама;
✅​өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
✅​Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын заң жүзінде көрсетілген құжаттар (еңбек кітапшасы, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер);
✅банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
✅өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).

Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

БІЗДЕН КЕҢЕС: КҮН ЫСТЫҚТА ҚАЛАЙ КҮТІНУГЕ БОЛАДЫ?

smarttop

ЕРКЕБҰЛАН ШЫНАЛИЕВТІҢ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру