0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БАР

Шымкенттегi «Мирас» шағынауданында маңызды кездесу өтті. Оған жергілікті ақсақалдар, белсенді тұрғындар қатысты.
Кездесуде қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері тұрғындармен аталған аумақта қалыптасқан этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді сақтау мен құқықтық тәрбие жайы жан-жақты сөз қылып, талқылады.
Өйткені, бүгінгі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етеді. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін аянбай еңбек ету өте маңызды. Ел тыныштығына мән беру- міндет.Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап біздің елімізде татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғауға, сондай-ақ, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен ынтымақты, келісім мен тыныштықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлініп келеді. Бүгінде республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Біздің еліміздегі этносаралық, дінаралық татулық әлемнің көптеген елдеріне үлгі. Сенімі мен көзқарасы әр алуан сан ұлт пен ұлыстың мақсат-мүдделері ортақ. Олар тату-тәтті, береке бірлікте өмір сүруді қалайды. Сондықтан болар, елдегі этникалық үйлесімділікті әлемнің жетекші мемлекеттері жоғары бағалап әрі тәжірибе алар алаңға айналдырып отыр.
Айта кетейік, жыл басынан берi «Мирас» шағынауданына ақпараттық-түсіндіру тобы бірнеше рет келiп, қоғамдық келісім саласына қатысты тұрғындардың ұсыныс-пiкiрлерiн тыңдау бағытында мақсатты кездесулер өткiздi. Алдағы уақытта да бұл кездесулер жалғасып, көтерілген мәселелер маңызын жоймайды.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

Жетісайлық полицейлер 1-қазан «Халықаралық қарттар күні» қарсаңында ардагерлерді құттықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

smarttop

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 8 МЫҢНАН АСА АБОНЕНТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру