Smarttop.kz

Полицейлер «Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін» — деп алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның сырттай танысы Атырау қаласында жұмыс істейтінін айтып «Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін» — деп сеніміне кірген. Ол үшін 250 000 теңге ақшасын алып, қайтармай алдап жүргені туралы жазып көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды.

Анықталғандай, ол Атырау қаласында жұмыс жасамайтын кентаулық тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер «кәсіпкерлікті қолдау қорынан ақша алып беремін» деп алаяқтық жасаған орта жастағы әйелді ұстады

smarttop

ҚАЛАМЫЗДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ 4 СТАЦИОНАРЛЫҚ МЕКЕМЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СПОРТ ЗАЛМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру