3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ТАЛАПТАР

2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады.Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Жолдауында айтты.

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек» , — деді Мемлекет басшысы.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  халқына деген жолдауларындағы  басты міндеттемелері мектеп және денсаулық шаралары болып табылады.Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты.

«Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.

Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен», -деді Президент.

Заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.«Алтыншы. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ұқсас ақпараттар

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН «ДОС-МҰҚАСАН» ТОБЫ ТУРАЛЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМ КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛАТЫН ІСТЕРДІҢ САНАТЫ ҰЛҒАЯДЫ

smarttop

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІНДЕ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ЖАСАҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру