Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар. Атап айтсақ, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан тың тәсілдер қажет екендігі сөзсіз», — деп атап өтті Мемлекет басшысы. Ұлттық табыспен бірге ұлттық қордың қаржысын қамтуды жеткізді.Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауында мәлім етті.
«Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз. Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс», — деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Бүгінгі жиынға депутаттық корпустан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда келген.
Сонымен қатар Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, мемлекеттік ұйымдар басшылары, азаматтық қоғам өкілдері де қатысып отыр. Сондай-ақ Мәжілістің 107 депутатының 100-і және Сенаттың 55 депутатының 50-і қатысуда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.