16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

Адырбеков-Жібек жолы көшесінде ұзындығы 4 шақырымды құрайтын магистралдық жылу құбырын ауыстыру жұмыстары осы жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, толығымен 2023 жылы бітпек.
Нәтижесінде жылу құбырының тозу деңгейі төмендеп, 450-ден астам көп қабатты тұрғын үй сапалы және тұрақты жылумен қамтылатын болады.
М.Әйтенов жұмыстардың мезгілінде және сапалы орындалуын тапсырды.Жылулық құбыр — үлкен жылу қуаттарын температураның аз өзгерістері жағдайында бере алатын құрылғы. Жылулық құбыр сұйық жылу тасымалдағышпен ішінара толтырылған герметикалық құбырдан тұрады. Сұйық жылу тасымалдағыш Ж. қ-дың бір ұшында буланып, жылуды сіңіреді, ал құбырдың екінші ұшында конденсацияланып жылу береді. Бу қозғалысы булану және конденсация аймақтарында қаныққан будың қысымдары айырмасы есебінен жүреді. Сұйықтың кері бағыттағы қозғалысы ауырлық күштің әрекетінен немесе жылулық құбырдың ішкі қабырғаларында орналасқан капилляр құрылым арқылы жүзеге асырылады. Ж. қ. энергетикада, ғарыш техникасында, т. б. қолданылады
Тозығы жеткен жылу жүйелері жаңаруда
Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бұл жылы 19,4 шақырымдық ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 17,8 шақырымы біткен, бұл 92 пайызды құрайды.
Соның ішінде, Толстой – Адырбеков көшесінде 357 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Бүгінде оның 267 метрі аяқталса, қыркүйек айының соңына дейін толық ауыстырылып бітпек.
Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: «АРПАӨЗЕН» ПЕТРОГЛИФТЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

smarttop

БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛЕ БЕРЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру