16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ОТБАСЫ КҮНІ ОТБАСЫЛЫ БОЛҒАНДАР НЕКЕ КУӘЛІГІН АЛДЫ

2015 жылы қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» болып белгіленген болатын. Содан бері осы мерекеге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйлау дәстүрге айналған.
Биылғы мерекеге орай жас отбасыларға «Неке қию куәліктерін» салтанатты түрде табыстау іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қала тұрғыны Бақдәулет Әуелбеков пен Аружан Тұрғын мереке қарсаңында отбасын құруды жоспарлаған екен. Жас отбасылардың некесі мерекеде алғаш болып тіркелді.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова некеге тұруға ниет білдірген жастарды құттықтап, отбасыларға неке куәліктерін табыс етіп, жауапты қадамдарына сәттілік тіледі. Халқымыз ежелден «Отан – отбасынан басталады» деп шаңырақтағы шаттыққа, жарымен жарасым табуға, жасыл құрақтай жайқалған ұл-қызына тәлім-тәрбие беруге, ағайын-туғанның арасында сыйластық орнауына айрықша мән беріп, отбасы құндылықтарын сақтап келеді.Ең негізгі мәселе – өмірде күр­делі жағдайға душар болған топ пен көмекк­е мұқтаж жандардың қатарға қосылуын­да мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары. Қазір атаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттен 280 мыңнан астам отбасы алады.
Жалпы отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Айта кетейік, қалада 2022 жылдың 8 айында 4735 неке қию туралы акт жазбасы тіркелген. Өткен жылы бұл кезеңде 5 364 неке қиылған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникация орталығы

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН КЕҢЕЙТУДЕ ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛСІН!»

smarttop

Пікір қалдыру