“Шымкент Сити” аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Былтыр қазығы қағылған ғимарат құрылысы заман талабына сай жүргізілуде. Жер көлемі 5,240 га, құрылыс ауданы – 16 166,65 м2. Жұмыс барысын арнайы барып көрген қала әкімі М.Әйтенов құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне басты назарды сапаға беру керектігін ескертті.
Конгресс-холл болашақта жергілікті және Республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында түрлі іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылады. Мерейтойлық даталарға жиындар өткізу арқылы елге белгілі тұлғалардың, оның ішінде жетісулықтар мұрасын кеңінен насихаттау, ақындар айтысын, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру арқылы жастардың патриоттық сезімін нығайту басты назарда болмақ. Партия мәдени құндылықтардың сақталуы мен өркендеуін ұдайы қолдайды. Шығармашылық пен өнер өкілдерінің, жас ақындар мен жазушылардың, драматургтердің, сценаристер мен публицистердің, сондай-ақ киноиндустрия, мұражайлар мен кітапхана өкілдерінің жетістіктерін айтыс, мүшәйра, жыр-терме, конкурстар, фестивальдар, әдеби оқулар, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өткізу арқылы ілгерілететін болады.
Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет, асхана және көлікке жер асты тұрағы қарастылырған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар