0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСЕП БЕРДІ

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник М.Жақсыбаев шаһар басшысы М.Әйтеновтың алдында департаменттің жұмысы туралы есеп берді.
Сала басшысының айту бойынша Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан туындаған. Ал бұл қауіп әсіресе, жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсетінін де жеткізді. Төтенше жағдай — мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді.
Жалпы, төтенше жағдайлар жөніндегі статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, өрт шығу қаупінің негізгі себептері біріне тұрғындардың қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастап кетуден болып жатады. Кейде балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кетуі де себеп.
Атап айтсақ, өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Ал соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда өрт шығу оқиғасы 13%-ға өскен.
Сондай-ақ, тек өрт емес, тұрғындардың табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалар тіркеліп жатады. Бұл жөнінде сала басшысы есебінде айтып өтті.
— Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды,-деді М.Жақсыбаев.
Қала басшысы есепті тыңдап, алдағы уақытта қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге “2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу” іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

ТЫРЫСҚАҚ ЖӘНЕ ӨТКІР ІШЕК ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҮШ АЙДА 197 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

ҚАРАТАУДА 26 БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру