Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаждар кезегінде 49 мыңнан аса азамат тіркелген.
Ал азаматтарды баспанамен қамту мәселесі тек кезек реті арқылы ғана жүзеге асады. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева тұрғындарды баспана мәселесіне қатысты қабылдауында айтты.Тұрғын үй құрылысы — тұрғын үйлер, тұрақты тұрпаттағы жатақханалар, мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер, балалар үйлерінің жатын корпустарын, т.б. салу. Тұрғын үй қаласының көлемі іске қосылған, пайдалануға берілген жалпы және тұрғын алаңының шаршы метрімен, салынған пәтерлердің, үймереттердің санымен сипатталады. Тұрғын үй қаласының, инженерлік желілер мен коммуникациялардың жобалықаласысметалық құжаттамасын әзірлеу, сараптау және бекіту; тұрғын үйлерді салуға байқаулар өткізу; бюджеттік қаражат есебінен салынатын тұрғын үйлердің жобалануын келісу; мемлекеттік қаражат есебінен тұрғын үйлерді салу үшін қалалық құрылыс жүйесінде тұрғын үй көшелері мен орамдары орналасатын жерлерді, ұтымды көлемдікөліжоспарлық, құрастырымдық және инженерлік шешімдерді айқындау.
Жалпы биыл тұрғын үй кезегіндегі 748 отбасыны сатып алу құқығынсыз әлеуметтік баспанамен қамту жоспарланған. Оның ішінде 31 отбасыға ағымдағы жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша қамтылды. Ал 86 көпбалалы отбасыға және әлеуметтік жағынан әлсіз тобы бойынша – 95 отбасыға пәтер кілті табысталды.
Қалған пәтерлер алдағы уақытта жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады. Бұдан бөлек биыл «Жастар» бағдарламасы бойынша 857 азамат сатып алу құқығынсыз пәтермен қамтылады.
Басқарма басшысы қабылдауда болған азаматтардың мұң-мұқтаждығын тыңдап, Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған азаматтардың тұрғын үй кезегіне тіркелуге, тұрғын үйді жекешелендіруге және жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу арқылы баспаналы болудың бағыттарына қатысты сұрақтары тыңдап, бағыт-бағдар берді.
Айта кету керек, қазіргі таңда тұрғын үй кезегі арқылы азаматтарға арендалық баспаналар сатып алу құқығынсыз берілуде.