Бүгін қалалық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына қаланың 40 жас сарбазын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Аталған кешке қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштер ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер кеңесінің төрағалары, сондай-ақ әскерге шақырылғандардың туыстары мен жақындары қатысты.
Жиында сөз сөйлеген қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев әскерге шақырылғандарға сәттілік тіледі.
– Әскер – жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер адам қауіп төнген сәтте өз отбасы мен Отанын қорғауға дайын болуы керек. Ал болашақ жауынгерлердің әзірліктерін көтеру, Отан қорғайтын батыр, рухы мықты сарбаздарды дайындау — бізге жүктелген міндет, -Әскердегі бір жыл, мен және менің қызметтестерім үшін нағыз ерлік пен достықтың, өр мінезділік пен қайраттылықтың емтиханы болды. Бүгін біздер кіндік қанымыз тамған өлкемізге нағыз ер азамат болып оралудамыз. Бұның барлығы дерлік біздің командирлеріміздің арқасында, сол үшін оларға мың алғыс, деді — деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.
Қарулы күштер сапында қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұны жете түсінген жігіттер Отан алдындағы борыштарын атқаруға дайын. Әскери бөлімдердегі қалыптасып қалған салттарға сәйкес сарбаздар саптық алаңмен соңғы рет шерумен өтті. Бір қызығы, мерзімді әскери қызметшілердің біразы келісімшарт бойынша әскери қызметке қалуға бел буып, Қарулы Күштердің қатарында тұрақты түрде қалды, ал кетіп бара жатқандардың орнын еліміздің барлық аймақтарынан күзгі шақырылымның жас сарбаздары толықтырады.
Биылғы шығарып салу салтанатында әншілер әннен шашу шашып, 35-740 әскери бөлімі бірнеше музыкалық шығарманы орындап, қару қолданудың түрлі әдісін көрсетті.
Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында үшінші мегаполистен ҚР ҰҚК шекара қызметінің қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы 200-ге жуық бозбала шақырылды.
«Шымкент келбеті»