Биыл Шымкент қаласында 4 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Солардың бірі – Бозарық-3 шағынауданында бой көтеріп келе жатқан Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің қосымша ғимараты. Басты міндетіміз — спорт нысандарының бәрін қала тұрғындарына қолжетімді ету.Біздің басты міндетіміз —балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау. Қазір қалада 8 мыңнан астам баланы қамтитын 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Шымкент халқы салауатты өмір салтын берік ұстанады. Қаланың тәуелсіздік тарихында ашылған ең алғашқы спорт нысаны – орталық су спорты кешені. Жаңа технологиялармен жабдықталған кешен халықаралық стандартқа сай.
Қосымша қаржыландыру бағыты есебінен балалар санын 50%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қосымша жаттықтырушыларды жұмысқа аламыз. Жастар бұқаралық спорттың қай түрі бойынша және қайда шұғылдана алатыны туралы стендтер болады.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер мектептерінің құрамында ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен айналысуына бағытталған жеке бағыт бар екенін атап өткен жөн. Инклюзия желісі бойынша 17 спорттық пән бар.