Шымкент қаласындағы жаға спорттық мекендер жаңаруда және жақсы деңгейлерде көрінуде. Кәзіргі таңда Шымкент қаласында 4 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Солардың бірі – Бозарық-3 шағынауданында бой көтеріп келе жатқан Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің қосымша ғимараты. Басты міндетіміз — спорт нысандарының бәрін қала тұрғындарына қолжетімді ету.Біздің басты міндетіміз —балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау. Қазір қалада 8 мыңнан астам баланы қамтитын 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Шымкент халқы салауатты өмір салтын берік ұстанады. Қаланың тәуелсіздік тарихында ашылған ең алғашқы спорт нысаны – орталық су спорты кешені. Жаңа технологиялармен жабдықталған кешен халықаралық стандартқа сай.
Қосымша қаржыландыру бағыты есебінен балалар санын 50%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қосымша жаттықтырушыларды жұмысқа аламыз. Жастар бұқаралық спорттың қай түрі бойынша және қайда шұғылдана алатыны туралы стендтер болады.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер мектептерінің құрамында ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен айналысуына бағытталған жеке бағыт бар екенін атап өткен жөн. Инклюзия желісі бойынша 17 спорттық пән бар.
Жобаға сәйкес бұл нысанда бір ауысымда 10 мен 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта — әмбебап спортзал, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Спорт мектебіндегі құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.
Спорт мекендерінің құрылыс мекенін тексеруден өткізу арқылы ауысымдық жүйені дұрыстау.