3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Бүгін Шымкент қалалық перинаталдық орталығына нәрестелердің шетінеуін азайтып, мүгедектігінің алдын алуға арналған заманауи медицина жабдығы тапсырылды. Бұл кешенді жабдық босану кезінде ауыр және орташа асфиксияға ұшыраған сәбилердің өмірін сақтап, денсаулығын қалыпқа келтіруге арналған құрылғы. Әлеуметтік жоба аясында орнатылған кешенді құрылғының жалпы құны 132 миллион теңгені құраған.
Айта кететін жәйт, 2017 жылы «Ayala» қоры мен Денсаулық сақтау министрлігі «Басқарылатын гипотермия» жобасын қолдау туралы меморандумға қол қойған болатын Бүгінге дейін Қазақстанның 12 қаласында қор орнатқан жабдықтар арқылы 235 жаңа туған сәбидің өмірі мен денсаулығы құтқарылған. Ал, республика көлемінде орнатылған 12 кешеннің алтауы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілік қолдауымен алынып отыр екен. Бұл туралы «Ayala» қорының өкілі Наталья Еськова мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, Шымкент — «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілік қолдауымен мұндай заманауи жабдыққа қол жеткізіп отырған алтыншы өңір болып табылады.
Ал Бүгінге дейін перинаталдық орталық мамандары арнайы жабдық алынғанға дейін реанимацияда қолда бар құралдармен механикалық гипотермия әдісін қолданып келген.
— Асфиксияның (тұншығу) себебі өте көп. Асфиксия тудыратын жағдайдың бірі — ананың денсаулығындағы кінәраттың балаға берілуі болса, екіншісі – босану кезінде анықталатын жағдайлар. Биыл Шымкент қалалық перинаталдық орталығында 4560 сәби туылса, оның 500-ге жуығы реанимация бөлімінің көмегіне жүгінді. Ал, 5 сәби асфиксиямен туылды. Кешенді құрылғы орнатылғанға дейін төртеуіне механикалық гипотермия әдісімен қадағалап, ем-дом жасадық. Ал, бесінші сәби осы құрылғының көмегімен емделіп, отбасына оралды. Асфиксияны емдеудің басты хаттамасына сәйкес, жаңа туған нәрестенің ми жасушаларын зақымданудан сақтау үшін 72 сағат бойы +34 градуста ұстау керек. Яғни бұл кешенді құрылғы баланың дене температурасын бірқалыпты ұстауға және динамикасын жан-жақты қадағалауға көмектеседі. Үшінші тәуліктен соң баланың жағдайы жақсарған кезде келесі ем-дом тағайындалады, — дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығының реанимация бөлімінің меңгерушісі Миродил Миркурбанов.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ЖАҢА МЕКТЕП. ЖАҢА МАУСЫМ. ЖАҢА ЛЕП

smarttop

КАТАРДА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру