16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ КОНГРЕСС-ХОЛЛДА БОЛДЫ

Шымкентте халықаралық талаптарға сай келетін Конгресс-холл салынуда.
Мемлекет басшысы Шымкентке келген сапарында аталған нысан құрылысын мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырған болатын. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов конгресс-холл құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.
Қала әкімі сала мамандарымен бірге бұл нысанның құрылыс қарқынын бірнеше рет тексеріп, оң бағасын берген-ді. Мұндағы құрылыс жұмыстары қызу, бекітілген кестеге сай атқарылуда.
Шаһар басшысы халық қазынасы әрі рухани байлығы – мәдениеттен бастау алатынын айта келе, үшінші мегаполисте мәдениет ошақтарының санын арттыра отырып, олардың құрылысы әлемдік тәжірибеге сай жүргізілуі керектігін атап өтті.
Шымкент сити аумағында орналасқан Конгресс-холл ғимараты 3 қабатты, 5 блоктан тұрады. Онда 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған. Сонымен қатар 40-қа жуық көлік сиятын жер асты тұрағы болады.
Іргетасы былтыр қаланған нысан республикалық маңызы бар қоғамдық іс-шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізумен қатар, оқушылар сарайы ретінде барлық қызметті көрсету мүмкіншілігіне ие болмақ.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАРҒА ЖОЛ ЖОҚ

smarttop

ЖАҢА «ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.

smarttop

№47 МЕКТЕП — ГИМНАЗИЯСЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТ

smarttop

Пікір қалдыру