3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ДӘУІРДІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ – МҰХТАР ӘУЕЗОВ

Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай Жастар ресурстық орталығы А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасы «Жастар орталығы» мүшелерімен бірлесіп «Дәуірдің дара тұлғасы – Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты – жазушының 125 жылдығын атап өту және оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, еңбегін дәріптеу.
Әдеби кешке филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті Ақжол Қалшабек, «Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшесі Алтынбек Срайылұлы, «Жастар орталығы» белсенділері және М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері қатысты.
Атамыш кеште ақын Ақжол Қалшабек жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 3-курс суденті Байбала Шұғыла Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 1-курс студенттері Мақұлбек Алтынбек және Күнкөргіш Қуаныш Абайдың қара сөзін оқыды. «Абадан» мектебінің 4-сынып оқушысы Жанабылова Айгерім Абайдың Гетеден аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін орындап қатысушылар керемет әдеби кештің куәсі боп қайтты. Әуезовтің қаламынан отыздан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың нұсқаларын қосса, елуден асып жығылады. Мұхтар Әуезов драматургиядағы жанрлық формалардың бәрін қамтыған: трагедия, комедия, драма да бар.Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай зерттеуге ойысқан кезде, ол әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу қиын екенін ұға білді. Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтаушы деген кінә тағылып келді. Өз ұлтының ұлы мұраларын тану арқылы өз халқыңа қызмет етесің. Ұлт мұрасына адал болу ар­қылы халқының санасын оята­сың. Халық ұлағатын насихаттау ар­қы­лы жас ұрпақты тәрбиелейсің. Өзің өссең – халқың да өседі.
Осылай Абайды тану арқылы Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің классигі дәрежесіне көтерілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНЕН БАСТАЛАДЫ

smarttop

БИЫЛ 102 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру