Smarttop.kz

«МЕНІҢ ГҮЛДІ АУЛАМ» КОНКУРСЫ❗️❗️❗

Құрметті қала тұрғындары!

Шымкент қаласының әкімдігі “Менің гүлді аулам” атты конкурстың басталғанын хабарлайды!

Менің гүлді аулам — бұл көпқабатты үй тұрғындарының өз аулаларын гүлдермен безендіруге арналған конкурс. Жеңімпаздар қомақты қаржымен марапатталады. Атап айтқанда:
1 орын — 3 млн.;
2 орын — 1 млн.;
3 орын — 500 мың теңге.

📝 Критериялар:

1. Ауланы көгалдандыру, гүлзарлар мен сәндік ағаштар егу және оларды үнемі тазалап, бұталар мен ағаштарға уақытылы күтім жасау, кесу (отырғызылған гүлдердің 25 %-ы қызғалдақ болуы қажет және қызғалдақ жанында көпжылдық гүлдер отырғызылу қажет);
2. Тұрғындардың аула аумағында көгалдандыру, абаттандыру, тазалық пен тәртіп сақтау, сенбілік жасау, ауланы эстетикалық безендіру жұмыстарына белсене қатысуы;
3. Құрғақ және зақым келген ағаштардың болмауы;
4. Абаттандыру (аула аумағын сырлау, бояу, кіре-берістің (подъезд) жағдайына да мән беру және т.б);
5. Фестивальдің жалпы тақырыбын ашу;
6. Аумақта атқарылған жұмыстар бойынша презентация және әлеуметтік бейнеролик;
7. Дизайнын әрлеуде креативті тәсілдер қолдану;
8. Суару жүйесі мен гүлзарларға күтім жасаудың оңтайлы шешімін табу;
9. Минералды тыңайтқыштарды қолдану;
10. Жалпы сметалық шығыс.

Қала көркіне сән беріп тұрған гүлдердің дені — шырайгүлдер. Олар сәндік өсімдіктер қатарына жатады. Күтім талғамайды, көктемнің суығына, шілденің ыстығына шыдайды. Сондықтан олар жаз бойы қала саябақтары мен гүлзарларына сән беріп тұрады

Өтінім бүгіннен, яғни 1 қазаннан бастап қабылданады. Жеңімпаздар 2023 жылдың сәуір айында белгілі болады. Қатысу және толық ақпарат алу үшін @Visitshymkent парақшасынан білуге немесе “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығының +7 701 102 17 17, +7 702 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Өтінім беру үшін: “visit-shymkent.kz” сайтына өтіңіз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ:«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» БАЙҚАУЫНДА 38 ҮМІТКЕР БАҚ СЫНАДЫ

smarttop

Түркістан облысының бас полицейі өткен жылды қорытындылап, халыққа онлайн режимде есеп берді

smarttop

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫН ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯДЫ

smarttop

Пікір қалдыру