7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ — ӨНЕРКӘСІП ТІРЕГІ

Шымкент қаласы Абай ауданы аймағынан «Стандарт» индустриалды аймағын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту бойынша берген тапсырмасына орай жүзеге асуда. Бұл туралы қала басшысы Мұрат Әйтенов өзінің кезекті есептік жиынында айтып өтті.Индустриялық аймақ — бұл толық дайындалған, нақты жазылған заңды құқықтары, қажетті инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар жер учаскелері. Олардың артықшылығы — ұсынылған алаңдарда кез-келген өндірісті орналастыруға болады: фармацевтикалық кәсіпорындардан бастап автомобиль зауыттарына дейін, еңбекті ақылы жұмыспен қамтылу, сондай-ақ, өндіріс ретінде қарастыру. Бұл шағын пәннің негізгі қызығушылығы: еңбек бөлінісі — әлеуметтік және техникалық; жұмыс тәжірибесі; өндірістегі технологиялардың рөлі мен салдары; индустриалды демократия жәие индустриалды қатынастар. ал инвестор ешқандай жасырын немесе қосымша шығындарды көтермейді.Индустриялық аймақты құру мақсаты: жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету және машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары мен конструкцияларын, ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру сияқты өнеркәсіптің басым салаларын дамыту.

«Қазірдің өзінде Абай ауданында ірі және орта кәсіпорындар саны 33-ке жетті. Бизнес объектілерінің артуы – қаланың экономикасы мен жалпы қаржылық дамуына оң ықпал етпек. Индустриалды аймаққа 30 млрд теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарланған. Осы арқылы жұмыссыз жүрген 3 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтитын мүмкіндік туады»,-деді М.Әйтенов.
Абай ауданың бюджеті 5 жыл бұрын 22,6 млрд теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 5 есеге артып, 110,8 млрд теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі денсаулық, білім салалары мен әлеуметтік көмекке жұмсалған. Ауыз су, газ, жарықпен қамту, жол салу жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

ӘЗІРБАЙЖАН ЕЛІ ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ТӨРІН ҰСЫНДЫ

smarttop

«ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

smarttop

ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ: КЕЗЕКТІ ӨТІНІМДЕР ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру