4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Ел бірлігі – ең басты құндылық

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлт болып ұйысудың өзектілігі арта түсті. Сайрам тұрғын алабының төбе билері, тұрғындары Жолдауды жүзеге асыруда бірлесе ұйымшылдық танытуға шақырды. Бірлік – мәңгілік және бөлінбейтін, ынтымағы мен берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеті. Осының бәрі Елбасының қоғам¬дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты¬настарды реттеудің тиімді тетік¬терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Еліміз басынан қиын-қыстау заман кешіп, қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың қатал сынынан өтті.

Сайрам тұрғын алабында ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, түсіндіру бойынша ақсақалдармен кездесу өтті. Іс-шараны «Аманат» партиясы Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырды.
Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістерді атап берді.
Сәкен Аралбайұлы ендігі ретте қайта өңдеу өндірісі, адами капиталды дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеуге назар аудару қажеттігін айтып, өз ойларымен бөлісті.
– Қазір нарық заманы. Әр адам өзін дамытып, бәсекеге қабілетті болса ғана, жетістікке жетеді. Бүгінде кәсіппен айналысуға, саналы ұрпақ тәрбиелеуде барлық мүмкіндік бар. Президент Жолдауының өн бойы экономикалық мәселелерге арналған. Халықтың әл-ауқатын көтеру, барынша халыққа жағдай жасау көзделіп отыр. Ұлт қуатты болса, ұлт сапасын жақсарта алсақ, қоғам орнықты дамиды, – деді С.Мәжінбеков.

Ұқсас ақпараттар

В Шымкенте солдаты провели интеллектуальные игры

smarttop

САУДА ОРЫНДАРЫ АУМАҒЫНА АЯҚЖОЛДАР САЛЫНУДА

smarttop

ШЫМКЕНТ: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МӘРТЕБЕСІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру