16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында іс-шаралар өтуде. Аталған жобаның мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып саналады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы аясында мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда арнайы семинарлар, дөңгелек үстелдер мен байқаулар өтуде. Атап айтқанда үздік шығармалар мен мақалалар байқауы, «Парасатты отбасы-2022» онлайн байқауы ұйымдастырылуда. Оған қомақты жүлде қоры қарастырылған. Байқауларды өткізу мерзімі 10 қарашаға дейін. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз — мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар өздерінің қызметтік өкілеттіктері мен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланып, немесе мүліктік пайда алу үшін өз өкілеттіктерін өзге жолмен пайдалануы арқылы жеке немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды қабылдау емес; жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген артықшылықтар мен артықшылықтарды заңсыз ұсынуы арқылы осы тұлғалардың пара алуы.
Жалпы, мұндай іс-шаралар әр мемлекеттік салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын нәтижелі жүргізуге, әр азаматтың құқықтық мүддесін қорғауға, алдын ала жемқорлық іс-әрекеттерден қорғауға, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Ұқсас ақпараттар

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 19-МАУСЫМ ҚАЛА КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ ҚАРСАҢЫНДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ӨТКІЗЕДІ

smarttop

Жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті әйел анықталды

smarttop

Пікір қалдыру