30.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

Полицейлер өз құрбысын алдап, несие рәсімдеген алаяқ әйелді ұстады

Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, 2019 жылы оның атынан белгісіз біреу микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдеген. Бұл жайында ол банктен несие бойынша қарызды төлеу туралы хабарлама келгенде бірақ білген. Алдын ала анықталғандай, әйелге құрбысының бірі қоңырау шалып, телефонға келген құпия сандарды айтуды сұраған. Деректерді алғаннан кейін құрбысы, заңсыз несие рәсімдеп, жәбірленушінің атымен 60 мың теңге несие алған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында, Қазығұрт АПБ-нің полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ол одан әрі тергеу жұмыстарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ал оның алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу істің толық мән-жайын, әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуға және жеке мәліметтерін бөтен адамдарға бермеуге кеңес береді. Сондай-ақ әрбір тұрғын өзінің мүлкіне және құжаттарына салғырт қарамауы тиіс. Егер де, сіз, алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ИНВЕСТОРЛАР ЕҢ ҮЛКЕН ҚОҚЫС ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН САЛАДЫ

smarttop

ЖАС ДӘУРЕН ТҰРҒЫН АЛАБЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР МЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

Пікір қалдыру