3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

САЯСИ РЕФОРМАЛАР — ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, саяси реформаларды түсіндіру бойынша Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ербол Байқонысов аудан тұрғындарына жаңа экономикалық саясат, адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.Саяси реформалар елдің кез келген саласына ықпал етеді. Сондықтан әлеуметтік, экономикалық ахуал оң болу үшін алдымен саясат дұрыс болуы керек. Көппартиялықты, саяси бәсекелестікті қалыптастырып, ой-пікірдің сан алуандығын дамытуға ықпал ету, митингтер туралы заңнаманы жетілдіру. Билік тізгініне келген кезде жариялаған алғашқы жолдауында мемлекет басшысы осы міндеттерді орындауға уәде еткен еді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңісінің отырыстары аясында оларды орындау тетіктері талқыланып, бірсыпырасы заңдық тұрғыдан жүзеге асты.

Реформа – қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа – өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеуметтік және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын жүйелі түрде белгілеп берді. Қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша жұмысты жандандыру қажет. Қала және аудандық деңгейде қоғамдық қабылдаулар жүргізілуде. Халықтың талап-тілегін басты назарға алып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелелерін шешу міндеті тұр. Қандай мәселе болса да біз тыңдауға дайынбыз, – деді Ербол Рәбілұлы

Ербол Байқонысов ендігі кезекте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанып, Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосуға шақырды. Аудан тұрғындарының көкейдегі сауалдарына жауап берді.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫНДА 10 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

smarttop

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП ЕНДІ БОЛМАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру