16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда. Бүгін ақпарат-насихат тобының мүшелері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы Шымкент химия компаниясының жұмыскерлерімен жүздесті.

Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Баршагүл Исабек Президент Жолдауында көтерілген тақырыптарды атап өтіп, қарапайым еңбек адамына тиер пайдасына тоқталды.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының біріккен отырысында жасаған Жолдауында негізгі бес тақырыпты көтерді. Соның ішінде ел өмірінің экономикалық-әлеуметтік саласына баса назар аударылып отыр. Мысалы, қазіргі таңда экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылып, шағын және орта кәсіпті дамыту маңызды болып тұр. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орны бөлек. Қаржы нарығының тұрақтылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін Үкімет ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып, Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады. Теңгелік депозиттерді қорғау аясында депозиттер бойынша сыйлықақы есептеу қарастырылған. Көптеген жұмыс орны осы жоба аясында іске асырылуда. Ал әлеуметтік даму дегенде ойға, ең алдымен, денсаулық сақтау саласын дамыту, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының өсуіне мораторий жариялау, бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзарту сияқты жаңашылдықтар оралады. Мұның барлығы ел игілігі үшін орындалатын тапсырмалар, – деді Баршагүл Қашқынқызы.

Экономиканың қуатын арттыратын әрі импортқа тәуелділігін азайтуға септігін тигізетін бірегей жобаларда бюрократиялық кедергілерге жол бермеудің маңыздылығына тоқталған М.Әтенов, әрбір жобаның іске асырылу барысы жіті бақылауда болатынын жеткізді.

Айта кетейік, Шымкент химия компаниясында метил-трет-бутил эфир өнімдерін шығарады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 57 мың тонна өнімді құрайды.

«Шымкент келбеті»
Фото – Серік Қосаев

Ұқсас ақпараттар

М.ӘЙТЕНОВ: «НЫСАНДАРДЫ ӨНДІРІСТІК КЕСТЕГЕ САЙ ТАПСЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ»

smarttop

1 МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ!

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 12 ІРІ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру