7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 90%-ҒА ЖЕТТІ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар төңірегінде берген баспасөз брифингінде мәлім болды.
– Аудан аумағында табиғи газбен қамтылған елді мекен саны – 18. Жартылай қамтылғаны – 3, мүлде қамтылмаған – 3 елді мекен бар. Биыл аудан аумағын табиғи газбен қамту көрсеткішін 90 %-ға, 2023 жылы 96%-ға арттырып, 2025 жылы ауданда жалпы табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу межесі қойылып отыр, — деді спикер.
Аудан әкімінің айтуынша, ауданның сапалы ауыз сумен қамтылған елді мекені -17. Осы жылы 6 елді мекен (Тұран, Достық, Қайнарбұлақ, Тассай, Асар-2, Нұртас), ал келесі жылы «Бозарық» елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту жоспарлануда. Жартылай қамтылғаны – 3. Сонымен қатар бес елді мекен кәріз жүйесімен толық қамтылса, 19 елді мекенді кәріз жүйесімен қамту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Кәріз жүйесі бойынша жалпы 5 жобаның (Мирас, Асар-2, Тассай, Достық, Тұран) құрылысы жүргізілуде. Ал, 2023 жылы нақты 6 жобаның (Тұран, Тассай, Асар-2, Нұртас, Достық, Ақжайық) құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарға қойылуда.
Бүгінде ауданда асфальтталып жатқан 26 нысан (19.8 км), толық асфальтталған 49 нысан (48.5км) бар. Жыл соңына дейін 14 нысан асфальттанады. Ал, 2025 жылға дейін ұзындығы 441,2 км құрайтын 466 көшенің жолдары асфальттанатын болады.
Бұдан соң тұрғындармен ашық диалог форматында сұрақтарға жауап берілді.
Айтып өтейік, қала әкімі М.Әйтенов жыл басынан бері мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 127 кездесу өткізді. Көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған.
Өткен жылы ауданда жарықтандыру көрсеткіші – 31 көшені құрады. Ағымдағы жылғы көрсеткішті 39-ға жеткізу жоспарда бар.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

Шымкент: Әл-Фараби ауданында кешкі уақытта жарамазан айтып жүрген 12 жасөспірім анықталды

smarttop

ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢ ГЕКТАРҒА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру