3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕМОРАНДУМ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ ЖОЛ АШПАҚ

Бүгін Шымкентте нәтижелі істерге жол ашар меморандумға қол қойылды. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмасына орай, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Достық» үйінде өткен жиынға қалалық партия белсенділері мен ассамблея мүшелері қатысты. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов пен қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов ассамблеяның саяси партиялар және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту туралы міндеті аясында нәтижелі жұмыс жүргізілетінін жеткізді.Меморандум тармақтарын орындау барысында тараптардың жетекші ғалымдарын ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметке тарту; екі тараптың мерзімдік басылымдарында мақалалар мен материалдарды жариялау; сонымен қатар дәрістер, экскурсиялар, ақпараттық ресурстармен алмасу және т.б. ұйғарылған.Шымкент қаласы үшін даму барлық ЕҚДБ арқылы бюджеттік жұмыстар жүргізіледі.
– Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс. Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет. Сонда бірлігімізді нығайтамыз. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз», – деген болатын. Осы бағытта біз Ассамблеямен бірлесіп жұмыс жүргіземіз, – деді Б.Мәдәліұлы.
Жиында ассамблея мүшелері қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Мухамедова, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов сөз сөйлеп, маңызды міндетті бірлесе атқаруға дайын екендігін жеткізді.
Айта кетейік, енді партия белсенділері мен ассамблея мүшелері ақпарат алмасу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саясатын нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және бірлік құндылықтарын ілгерілету бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру бағытында бірлесіп жұмыс атқарады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер 14 жайт мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты құрықтады

smarttop

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫН БОЙЫНША ЖОБАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

smarttop

ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК

smarttop

Пікір қалдыру