16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛДАУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫ ТҮСІНДІРДІ

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары Қаратау ауданы «Нұрсәт» өнер мектебінде жалғасты. Кездесуге AMANAT партиясы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова және Қаратау ауданының тұрғындары қатысты.
Іс-шара аясында мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жолдауда Президент әдеттегідей, қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауабын берді. Бұл бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі – осы. Алдағы сайлау науқандарының кестесі жарияланды. Мемлекет басшысы Президент мандатын қысқарту және ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөнінде бастама көтерді. Мұның бәрі реформалар бағытының дәйектілігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді.
–Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шешімдердің жиынтығы. Мемлекет басшысы өзінің бес бағыттан тұратын Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірқатар реформаларды ұсынды. Ұлттық қордың пайдасы қарапайым халық үшін қызмет ететіні көпшілікті қуантқан жәйт. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге төмендегені де жағымды жаңалық болды. Бала күтіміндегі аналардың ақылы демалысы бір жарым жылға дейін ұзартылатын болды. Бұл да декреттік демалыстағы аналардың пайдасына шешілген мәселе, — деп атап өтті Т.Балтабаев.
Жиын соңында тұрғындар әлеуметтік салада мазалаған бірқатар сұрақтарына жауап алды. Жолдау жүктеген міндеттер туралы өз ойларымен бөліскен тұрғындар өзгерістер жолындағы барлық реформаларын қолдайтындарын да жеткізді.

Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық

Ұқсас ақпараттар

№12 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ЖАҢА ҒИМАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

smarttop

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ №5 ЕМХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру