16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ТАРИХИ КҮНДЕР ТІЗБЕГІМЕН» ҚЫЗДАР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен « Тарихи күндер тізбегімен» атты тағылымдық іс-шара жалғасуда.
25 – қазан Республика күніне орай қаламыздың жоғары оқу орындары жастары арасында ұйымдастырылған сайыстың бүгін екінші өтті.
Бүгін қыздар арасында ұлттық тағамдардың түрі бойынша жарысқа түсті. Атап айтқанда бауырсақ пісіру, қамыр жаю, кеспе турау, майсөк әзірледі. Қыздар ұлттық тағамдарды дәмді қылып дайындауда бар өнерлерін салды. Қонақтың алдына барлық т әтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Қазақтармен дастарқан басында отырып, ондағы әр тағам-көшпенділердің даладағы қиын өмірге бейімделуіне көмектескен ежелгі тәжірибенің нәтижесі, оның қатты аязды қысы мен шуақты, кейде шыдамсыз ыстық және құрғақ жазы бар екенін есте ұстаған жөн.
Сайысқа қатысқан қыздар « Қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы болып келеді. Ұлтымыздың қай тамағын алмаңыз өте нәрлі, дәмді, адам ағзасына пайдалы дәрумендер мен минералдарға, микроэлементтерге бай, ауруға шипа берер тағамдардан тұрады»- десті.
Айта кету керек, тағылымы мол іс-шараның жастар арасында салт-дәстүрді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыруда маңызы зор.
Ал бүгінгі іс-шараның қортынды нәтижесінде жеңімпаз болып танылған жастарға Шымкент қаласы әкімдігі атынан арнайы диплом және әрбір сайыс бойынша бағалы сыйлықтар табысталады.

Ұқсас ақпараттар

БІЛІМГЕ ҚАРАЛҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАРҒАН СПОРТТЫҚ МЕКЕНДЕР

smarttop

ЕЛ ҮШІН ИГІЛІКТІ ҚҰЖАТ

smarttop

Пікір қалдыру