4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКА ОЙЛАП ТАПТЫ

Бүгін біз, «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу» бағдарламасы аясында іске асырылған озық инновациялық жобамен таныстық.
Аталған жоба М.Әуезов университет тарапынан ұсынылған, жоба жетекшісі Шымкенттік техика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев Қазақстан және жақын алыс шет мемлекеттерде аналогы жоқ Умно-4/1 тіркемесін ойлап тапты. Ол әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғы. Аталған тіркеменің әзірге 3 данасы Z (Зет)» ЖШС-нің зауытында жасалып шығарылды.
Бұл тіркеме шаруаларға өте тиімді. Себебі, Умно-4/1 тіркемесімен 4 қызметті атқаруға болады. Атап айтқанда шаруалар жер тегістеу, арық алу және қопсыту жұмыстарын бір техниканың көмегімен жүзеге асыра алады.
Одан бөлек:
Атмосфераға шығарылған газдардың шығуы 2-3 есе азаяды;
Агрегаттың өнімділігі 50% — ға дейін артады;
Егістікті сапалы дайындау есебінен өнімділік 10-15%-ға артады;
Сондай ақ, тіркемені басқа пішінге қайта өзгерту тек 10-15 минутты алады.

Айта өтейік, Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жүр. Техника ғылымдарының кандидаты, «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Бердияр Қалымбетов «Ақылды ауыл шаруашылығы» концепциясын дайындап жатыр,  жыл соңына қарай қала басшысының назарына ұсынатын болады. Жоба аясында қала маңында «Ақылды ауыл шаруашылығы» деп аталатын мекеме құру ұсынылып отыр.  Оған М.Әуезов  университеттің ғалымдары жасап шығарған ең жаңа технологиялар мен цифрлы машиналардың барлық мүмкіндіктерін біріктіруі тиіс. Оның құрамында «Ақылды дала», «Ақылды ферма», «Ақылды жылыжай» және «Ақылды бау» деген бөлімшелер болады. «Бұның әрбірі жеке-жеке жоба. Біз барлық 5 бағыт бойынша жұмыс істегіміз келеді. Жыл соңында осы концепцияны Сізге ұсынамыз»-деп уәде еткен еді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БАС ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

smarttop

ӘДЕП КЕҢЕСІ ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЖРВИ-ДІҢ АУРУШАҢДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 2%-ҒА ЖОҒАРЫЛАҒАН

smarttop

Пікір қалдыру