Мемлекет басшысының жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты. Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті.
– Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Прездидентіміз қаламызды еліміздегі төрт хаб-қаланың біріне айналдыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатқанын айта келіп, Шымкентті өркендетуге қатысты бірқатар мәселеге арнайы тоқталды. Ең алдымен, Мемлекет басшысы өндірісті дамыту, индустриялық аймақтарды жетілдіру үшін қала экономикасын әртараптандыруға және отандық өнім шығаруға баса мән беріліп жатқанын жеткізді.
ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ВСТРЕТИЛСЯ С НАСЕЛЕНИЕМ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
Рабочая поездка Главы государства продолжилась в Шымкенте. В своем выступлении на встрече с общественностью города Президент отметил, что Шымкент всегда отличался особой теплотой и с точки зрения природных условий, и с точки зрения душевной щедрости его жителей.
– Шымкент занимает особое место в духовной жизни нашего народа. Этот город является благодатной колыбелью национальных традиций. Он олицетворяет лучшие черты казахского характера. Здесь соединены в единое целое лучшие проявления культуры и национального этикета. Здесь неизменно уважают старших и почитают достойных. На славной земле Шымкента формировалась наша нация. Поэтому уверенно можно сказать, что жители этого прекрасного города живут на благословенной земле Жерұйық, – сказал Касым-Жомарт Токаев.