5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзінен:

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газетінің бас редакторы Бақтияр Байдуллаұлы Тайжанов;

«Құрмет» орденімен Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ә.Марғұлан атындағы археология институты» РМК бас директоры Бауыржан Әбішұлы Байтанаев;

«Құрмет» орденімен Шымкент қаласы «№2 қалалық аурухана» МКК дәрігері Есенгелді Ибрагимұлы Бегешев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Ксения Александровна Хан;

«Шапағат» медалімен Шымкент қаласы «№ 89 IT мектеп-лицей» КММ тәрбиешісі Әсем Мұхтарқызы Үсенова наградталды.

Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді;

▪️ 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;

▪️ қала бюджеті 4 есе өсті;

▪️ қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты;

▪️ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;

▪️ соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;

▪️ соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;

▪️ инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;

▪️ жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;

▪️ Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;

▪️ қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бас жоспары оның экономикалық әлеуетіне сай болуы қажеттігін атап өтіп, мұнда әлемдегі ірі мегаполистерде болатын мәселелер түгел ескерілуге тиіс екенін айтты.

Ұқсас ақпараттар

ШАПЫРАШТЫ КАНАЛЫНА СУ КЕЛДІ

smarttop

Құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген қойшы ұсталды

smarttop

БИЫЛ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДЫҢ ТУҒАНЫНА — 930 ЖЫЛ

smarttop

Пікір қалдыру