22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕЛІСІМШАРТЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

Шымкент қаласында 29 компания үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды. Осылайша техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар. Кәзіргі таңда барлық жағдайды электронды түрде жасауға көшуде. Ең басты  мақсат- тез әрі тиімді болуында. Әр қосымшанының қолайлылығына және жылдамдылығына  жауапты мамандар сайланды.Техникалық қауіпсіздікпен халыққа қолдануға тиімділігін ұсынуда. Электронды қызмет көрсету үшін жасалған  жүйеге көшуіне жақсы  баға берді.  Қаладағы комуналды қызметтерді  осы жүйе бойынша жасауға бел буды.  Жақсы көрсеткіш көрсете білу де жүйедегі  маңыздылық болып табылады.

 

Осыған байланысты жауапты мамандар қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Осыған орай қала тұрғындарына иіс газынан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігі түсіндірілуде.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала әкімінің тапсырмаларына сәйкес тұрғындар арасында газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеді. Жыл басынан бері тұрғындарға 42 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар БАҚ беттерінде видеороликтер, мақалалар жарияланып, арнайы мамандандырылған мекемелердің басшыларының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.

Мұндағы мақсат – жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан туындайтын улану жағдайларын болдырмау.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДЕ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

smarttop

«ШЫМКЕНТ СИТИДЕ» СУ АЙДЫНЫ БАР ЖАҢА САЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру