16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫНЫҢ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласында ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те аталған акцияның аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуде тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік көмектерді, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, мұрағаттық анықтамаларды беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы және т.б. өзекті мәселелерінің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті КЕҢЕСТЕР мен жауаптарын алуға мол мүмкіндігі бар.
Қабылдау барысында Шымкент қаласының прокуроры, қалалық полиция департаментінің бастығы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігінің салалық басқармаларының басшылары да азаматтардың талап-тіліктері мен арыздарын тыңдады.
–Бұл еліміздің Бас прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан акция. Ол жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында өткізілуде. Әрине, Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы бар және онда кезекші прокурорлар азаматтарды кез келген уақытта қабылдайды. Дегенмен, біз азаматтарға өз аяғымызбен барып, шалғай елді мекендерде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап жатырмыз, – деді Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат.
Оның айтуынша, «Заң керуені» акциясы қарашаның 1-4 күндері аралығында өтеді. Акцияның алғашқы күнінде Шымкент қаласында 500 адам өздерінің сұрақтары мен арыздарын айтқан. Акцияға келген тұрғындардың басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерді қозғаған.

Ұқсас ақпараттар

САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

РЕСПУБЛИКА КҮНІ — МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ, ЫРЫС, ЫНТЫМАҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

smarttop

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА 23,МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру