13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды.

Мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды.

Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды.
Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды. Жеңімпаз командалар, ойыншылар арнайы жүлделермен марапатталады. Іс-шараның мақсаты – ұрпаққа саналы тəрбие беретін ұстаздарды дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ұстаздар арасында волейбол ойынын дамыту жəне салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздар арасында көшбасшылықты кеңейту, қабілеті бар спортшы мұғалім волейболшыларды анықтап, оларды əрі қарай оқушыларға насихаттау, волейбол және үстел теннисі ойынына қызығушылығын арттыру жəне сүйікті спорт түріне айналдыру. спорттық жарыс — қатысушы жақтардың өз қайрат-жігері, өнері, білімі, айла-тәсілі, тәжірибесі, шеберлігімен бір-бірінен басым түсуге бағытталған еңбек, ойын тәрізді іс-әрекеті. Жарыстың спорттық түрі адамды күш-қуат жағынан жан-жақты жетілдіруді көздейтін педагогигалық тәрбиенің құрамдас бөлігі болып табылады. Жарыс адамның ынта-ықылас, құмарлық-құштарлық түйсігіне әсер ететіндіктен, қатысушылардың күш-жігерін, жылдамдық, қайсарлық, төзімділік, жеңіске ұмтылушылық, өзі туып-өскен елі мен жеріне деген отансүйгіштік қасиеттерін шыңдап, қалыптастырады.

Жалпы сайысқа Қаратау ауданында 14 мектептің командасы бақ сынайды. А.Пармановтың айтуынша, келесі апта бұдан басқа мектептер арасында да турнир өткізіліп, ауданның үздіктері анықталмақ.

Мұғалімдер арасындағы алғашқы турнирдің жеңімпаздар мен жүлдегерлері бүгін анықталады.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

smarttop

ШЫМКЕНТ ПРИЗНАЛИ САМЫМ УДОБНЫМ ДЛЯ БИЗНЕСА ГОРОДОМ В КАЗАХСТАНЕ

smarttop

Пікір қалдыру