18.3 C
Шымкент
Среда, 30 апреля, 2025
Smarttop.kz

МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШҰҒЫЛ ШЕШУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілістің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Айнур Исабекова әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот қаулыларын орындау шеңберінде тәркіленген материалдарды жергілікті атқарушы органдарға берудің мәселелерін баяндады. Бұл ретте қала әкімі сала басшыларына бюджетке салмақ салмай, қолданыстағы қоймаларды тиімді пайдалануды тапсырды.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жаңа жылдық безендірілудің тұжырымдамасы мен дайындығын таныстырды. Қала әкімі  жауаптыларға аталған мерекені эстетикалық талғаммен, креативті түрде ұйымдастыру бойынша тапсырма берді.

Ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың БАҚ және қоғаммен өзара іс-қимылының мәселелері туралы баяндады. Қала әкімі сала басшыларына азаматтардан түскен өтініштерге сапалы жауап беріп, өзекті мәселелерді шұғыл шешуді атап өтті.

Сонымен қатар қала басшысы ретсіз саудамен күресті жүргізе алмаған, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне шара қолдануды ескертті. Алдағы ауа райының қолайсыздығын ескерген қала басшысы су алу қаупі бар аумақтарда тиісті шараларды жүргізіп, көпқабатты тұрғын үйлерде жылу сапасын қадағалау қажеттігін айтты. Халықты үздіксіз сапалы жылумен қамту үшін өзекті мәселелерді ашық жеткізіп, дер кезінде шешім қабылдауды ескертті.

Күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша бірқатар кемшіліктер мен атқарылуы қажет мәселелерге тоқталған қала басшысы Ғабит Сыздықбеков сала басшылары мен жауапты азаматтарға айтылған сыннан нәтиже шығаруды жүктеді.

Ішкі саясат басқармасы

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУДА ЖАҚЫПОВТАР ОТБАСЫНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУ КУРСЫН АЯҚТАҒАН 200-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖЕКЕ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУДА

smarttop

ТҰРАН АУДАНЫ: ШЫМКЕНТ КАНАЛЫНЫҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру