13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ БІРІ

Мереке қарсаңында  Шымкент қаласының “Абай” ауданына қарасты “Көкбұлақ” елді мекені табиғи газға қосылды.  Қала әкімі М.Әйтенов

“Көкбұлаққа” арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау үйлер мен ғимараттарды жылытуға шығындалатын отбасылық және мемлекеттік бюджетті көтермей-ақ атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.“Бүгін 1 балабақша мен құжаты дайын үйлерге газ қостық. Енді көмір тасып әуреленбей, барлығыңыз дерлік көгілдір отынды кіргізіп алыңыздар”,-деді әкім. Бұл сөзді құптаған халық жылдамдатып әрекетке көшетіндерін жеткізіп, қыс басталмай газбен қамтылғандарына алғыс білдірді. Табиғи газды халық шаруашылығында пайдаланудың бірден-бір артықшылығы оның экологиялылығы болып табылады. Отынның жану өнімдерінде күл, ыс, канцерогендер жоқ. Желсіз ауа райында елді мекендерде түтін тұрып алатын Қазақстанның табиғи жағдайын ескере отырып, бұл жану өнімдерінің болмауы үлкен артықшылық деуге болады. Жанған кезде қоқыс түзейтін көмірге қарағанда мұнда қалдықтарды іске асыру мәселесі де өзекті жармайды.

Елді мекенді табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Жалпы ұзындығы 1 6,1 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылып, бекітілген жоспар мерзімінде іске асып, 100%-ға орындалды.

Қазіргі уақытта магистралды газ құбырына газ беріліп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы тарапынан абоненттеу жұмыстары басталды. Құжаттары дайын үйлерге рет-ретімен көгілдір отын кіргізілмек.

Қазіргі таңда мегаполис тұрғындарының 93% табиғи газбен қамтылған.

Жыл соңына дейін, “Тұран”, “Ақтас-1”, “Ақтас-2”, “Нұртас”, “Батыс”, “Сәуле-276” орам, “Ақжар”, “Арғымақ” елді мекендеріне табиғи газ тартылып, көрсеткіш 94,7%-ға жетеді. Осының нәтижесінде 34 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАР АУДАН ӘКІМІНЕ БІРҚАТАР ҰСЫНЫС АЙТТЫ

smarttop

Полиция департаментінде келелі кездесу ұйымдастырылып, Наурыз мерекесінің тарихы дәріптелді

smarttop

2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары қандай болмақ?

smarttop

Пікір қалдыру