18.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ТҰРАН ЕЛДІ МЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ҮШІН АБОНЕНТТЕУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Қаратау ауданына қарасты Тұран елді мекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту 2-кезек құрылысы 2021 жылы басталды.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы толығымен аяқталып, тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу, яғни абоненттеу жұмысы жүргізілуде.
Құрылыс кезінде 86,5 шақырым электр желісі тартылып, 21 электр трансформаторы мен 3 078 электр бағаналары орнатылды.
Абоненттеу жұмыстарының нәтижесімен барлығы 3 058 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Тұрандықтар бұған дейін электр қуатын тұтыну барысында 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге түседі.
Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік саяжай елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылады.
Нәтижесінде, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жетеді.

Ұқсас ақпараттар

«Халқыма тағзым» мүгедектер қоғамы» атты шығармашылық кеш өтті

smarttop

Түркістан полицейлері «4 тонна қызанақ әкеліп беремін» деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады

smarttop

Әлеуметтік бейімдеу орталығы 300-ден аса азаматқа көмек көрсетті

smarttop

Пікір қалдыру