Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті маршруттарға 876 автобус шығады (жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды). Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.
Жол-көлік оқиғалары мен қайғылы жағдайларда бірден тоқтап, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек, ал көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізуі және оқиға орнына қайтып оралуы керек, сонымен қатар жол полициясы мен автокөлік мекемесіне болған оқиғаны тез арада хабарлауы керек.
Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңға жуық. Айта кетейік, I-kolik мобильді қосымшасымен 100 пайыз қоғамдық көлік қамтылған.
Сонымен қатар, жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлінді, инвестор анықталып, құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр. Анықталған тарифтер және қала маңындағы (жеке елді мекендерге бағдарлануына байланысты) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік маршруттарға арналған тиісті қозғалыс кестесі бойынша аялдау пункттерінің арасындағы арақашықтық негізінде маршруттардың аялдау пункттерінің арасындағы жолаушылардың жол жүру құны белгіленеді
Сондай-ақ, электрондық TOLEM картасының 310 мыңға жуығы сатылып, күнделікті транзакция 300 мыңды құрап отыр.