16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

ЖРВИ/тұмау клиникасының көріністері ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болатын жұқпалы ауру.

ЖРВИ/тұмаудың асқынуы салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.

ЖРВИ/тұмаудың эпидемиялық маусымы қазан айынан басталып,  келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады. Сондықтан  ЖРВИ және тұмау ауруын жұқтырудан сақтанудың жолдарын білген жөн.

ЖРВИ/тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – тұмауға қарсы егу.

Қалада 2022 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы осал топқа жататын тұлғаларға Ресейде шығарылған «Гриппол плюс» вакцинасының 134580 дозасы алынып, тұмауға қарсы егу жұмыстары МСАК мекемелерінде жүргізілуде.

Тұмауға қарсы халықтың келесідей осал топтары егіледі:

—         медицина қызметкерлері;

—         алты айдан асқан және жиі ауыратын балалар;

—         2,3 триместрдегі жүкті әйелдер;

—         ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мектеп-интернат балалары;

—         қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар;

—         жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар.

Тұмауға қарсы егу егілушінің немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісіммен тегін жүргізіледі.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» 25.03.2022ж. №16 қаулысына сәйкес, инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылғандар және COVID-19 амбулаториялық емдеуде жүрген, ЖРВИ және пневмония белгілері бар науқастарға полимеразды тізбекті реакция әдісімен зертханалық тексерулер жүргізілуде.

Қалада профилактикалық егуге жоспарланғандардың ішінде 783 баланың ата-анасы егуден бас тартқан, оның ішінде 49,1% — діни көзқараспен, 30,5% — жеке сенім-нанымдармен, 12,2% — вакцинаға сенбеушілікпен, 7,9% — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тараған негативті негізсіз мәліметтерге байланысты.

Ұқсас ақпараттар

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА АШЫЛУЫЛАРЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ИНВЕСТОР ТАРТУ АРҚЫЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру