1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкенттік балалар Отан қорғауды үйренуде

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының аумағы бір күнге Шымкент қаласының «Жас ұлан» республикалық мектебі мен орта мектеп оқушылары үшін жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығына айналды. 20 мектептен 400-ден астам бала Шымкент гарнизоны әскери қызметшілерінің күнделікті өмірімен танысты.

Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған ашық есік күні, әскери бөлімнің бақылау-өткізу пунктінен басталды, онда оқушылар мен ұландарды бөлім басшылығы қарсы алды.
Ең алдымен, оқушылар әскери асханамен танысты. Онда балаларға сарбаздардың қашан және қалай тамақтанатыны, диетасына не кіретіні туралы айтылды. Бұдан әрі АӘД пәнінің мұғалімдері балалармен бірге әскери қызметшілер демалып, бос уақыттарын өткізетін үй-жайлырдың орналасқан жеріне барды.
— Бізге келген болашақ Отан қорғаушылар алты оқу орны бойынша топтарға бөлінген. Мысалы, саптық алаңда қару-жарақ пен әскери киім үлгілерінің көрмесі өткізілуде. Әскери қызметшілер заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері мен оның ерекшеліктері туралы әңгімелеуде. Ұрыс машиналары паркінде балалар әскери техникамен танысуда. Барлық жерде балаларды мектептен келген топ басшылары, сондай-ақ әскери бөлімнің күнделікті өмірімен таныстыратын біздің офицерлер алып жүр, — деп түсіндірді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Калидолдин.
Балалар әскери бөліммен танысып, мұнда Отан қорғаушы бейнесінде өзін-өзі жүзеге асыру мен дамуы үшін көптеген мүмкіндіктерді көре алғанын мойындады.
— Мен кішкентай кезімнен адалдық, мақсатшылдық және ар-ождандық сияқты қасиеттерді бойыма сіңіріп тәрбие көрген баламын. Сондықтан мен Отан қорғаушысы болуды армандаймын. Мамандықты дұрыс таңдау – кейінгі өмірге бақытты билет алу сияқты, және біздің тағдырымыз осымен тығыз байланысты. Біз әскери мектепте жалпы білім беру бағдарламасымен қатар, алғашқы әскери дайындық пәнін де тереңдетіп оқимыз. Біздің өміріміз де, армиядағыдай, күн сайын кесте мен ережелерге сәйкес өтеді. Бүгінгі экскурсия менің болашақ мамандығымды таңдауымның дұрыстығына тағы бір рет көз жеткізуге және еліміздің жарқын болашағына өз үлесімді қосатынымды көруге мүмкіндік береді, — деп бөлісті «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі Ғабит Мағжан.
Экскурсия соңында оқушылар әскери қызметшілерге пайдалы және қызықты болған кездесу үшін алғыстарын айтты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 73 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА 10 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру