«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі baspana.kz сайтындағы азаматтардың жеке кабинетіне шықты. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлем қабілеттігін бағалау ағымдағы жылдың 07-30 қараша аралығында жүргізіліп, азаматтардың тұрғын үйді таңдау кезеңі ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. Аталған тұрғын үйлер Шымкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.
2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына, оның ішінде көпбалалы отбасылар — 245, мүгедек бала асыраушы отбасылар — 187, толық емес отбасыларға — 40 лимит бөлінді. Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап «Отбасы банк» АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылған болатын. Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.