16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

«Ордабасы» футболдан Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы атанды.

Кеше “Astana Arena” стадионында “ОРДАБАСЫ” футбол клубы Оралдық “АҚЖАЙЫҚ” клубына қарсы ойнап, 5:4 есебімен футболдан ҚР кубогының жеңімпазы атанған болатын. Ордабасы — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Шымкент қаласынан. 1998 жылы пайда болған, Қазақстан Премьер Лигасында ойнайды. Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы ақ, сыртқы формасы көк болып табылады.

Шымкенттіктер футбол кездесуін Әл-Фараби алаңында тікелей эфирде көрді. Матчты қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, басқармалардың басшылары жанкүйерлермен бірге тамашалады.
Финал аса тартысты өтті. 7-минутта оралдықтар сапынан Бадоян Завен алғашқы голды салса, 11-минутта Тома Табатадзе есепті еселеді. Бұдан кейін шымкенттік команда шабуылды үдетті. Ол нәтиже беріп, команда капитаны Самат Шәмші 26-минутта есеп айырмасын қысқартса, үзілістен кейін, екінші таймның басында «Ордабасы» сапынан Всеволод Садовский есепті теңестірді.
Екі жақта шабуылмен, ашық өткен ойында «Ақжайық» тағы да екі гол соғып, алға шығады: алдымен Табатадзе матчтағы екінші добын соқса, одан кейін Илья Коваленко көзге түсті. «Ордабасы» сапынан Максима Федин гол соғып, есеп айырмасын тағы бір допқа қысқартады. Ал ойын аяқталуға санаулы секунд қалғанда «ордабасылық» Луис Энрике Гедеш алыстан әдемі соққы жасап, есепті теңестірді – 4:4.

Бүгін 16:30-да Шымкент әуежайында «ОРДАБАСЫ» футбол клубының ойыншыларын қала тұрғындары, клуб жанкүйерлері, бір топ спорт сүйер қауым, әскери оркестрмен салтанатты түрде қарсы алды.

Шара әрмен қарай 17:00-де «Әл-Фараби» алаңында қала әкімдігі басшылық құрамының қатысуымен футболдан ҚР кубогын салтанатты тапсыру рәсіміне жалғасып, “ОРДАБАСЫ” футбол клубының ойыншылары жеңістерімен құттықталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

ДОСТЫҚҚА 47 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАУДА

smarttop

Пікір қалдыру