0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы

«Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша мемлекет субсидиялайтын қолдау шаралары бойынша қызметті іске асырады, мысалы:
🔸«Алғашқы жұмыс орны» – 29 жастан аспаған жастар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар;
🔸«Ұрпақтар келісімшарты» – соңғы 2 жыл ішінде және 29 жастан аспаған оқу орындарының түлектері;
🔸«Жастар практикасы» – өткен 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жастан аспаған алған мамандығы (мамандығы) бойынша білім беру ұйымдарының түлектері.

«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бірінші кезекте жастарды қолдауға бағытталған. Заман көші алға жылжыған сайын жұмыс берушілер жаңадан оқу бітірген жас мамандарға көптеген талап-тілектерін қойған сәтте жастардың тауы шағылып қалатыны жасырын емес. «Алғашқы бос жұмыс орны » жобасы — жұмыс іздеп жүрген түлектер мен 29 жастан аспаған жұмыссыздар, оның шінде жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға арналған. Сонымен қатар, көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі. 2022 жылдан бастап «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі 12 және 18 айға дейін ұзартты, сондай-ақ жалақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін артты. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Толық ақпарат алу үшін біздің орталықтарға келіңіз:
📍Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Бәйтереков 89
📞Колл-Центр:
Қаратау:8705-287-60-44
Еңбекші:8775-299-66-20
Абай:8707-453-08-03
Әл-Фараби: 8702-934-80-41

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА АКТИВІНЕ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Безопасность превыше всего

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР САНЫ АРТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру